22.05.2024, 10:15
Оқылды: 57

Қазақстанда халықаралық рейс қайта жанданады

18 маусымнан бастап "Salam Air" Оман әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аэропорт

Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале