Елімізде жаңадан салынған баспана тағы қымбаттады. Бір жылдың ішінде нарықтағы баға 4,4 пайызға өскен. Қазір жаңа пәтердің бір шаршы метрі 486 мың теңге. Ал былтыр күзде 426 мың теңге еді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Үй бағасының көтерілуі, әсіресе, Ақтау қаласында байқалады. Мұнда баспана 18 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Семей және Павлодар қалаларында да айтарлықтай өскен. Қазір ең қымбат баспана Астанада екен. Мұнда жаңа пәтердің шаршы метрі 587 мың теңге.
Баспананы жалдау ақысы да қымбаттады. Баға соңғы бір жылда 17 пайызға өскен. Әсіресе, Көкшетау, Қонаев және Ақтөбе қалаларында бірден 35 пайызға көтерілді. Ал екінші деңгейлі нарықтағы үй керісінше арзандап жатыр.