26.12.2022, 16:00
Оқылды: 47

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қосылады

 Қазақстанның Даму Банкі қаңтар айынан бастап жеңілдетілген автонесиелер қайта берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2022_12_26_1646822549_avtonesie-suret

2023 жылдан бастап Қазақстанда жеңілдікті автокредиттеу бағдарламаларының операторлары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ барлық қолданыстағы бағдарламалар бойынша шарттар біріздендірілетінін мәлімдеді.

«Қазір бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асырып жатыр. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар беруді бастау 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында күтіледі. Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді. Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын іске асыру жоспарланған», делінген ҚДБ хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2015 жылдан бастап ҚДБ арқылы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасына 82 млрд теңге бөлінген. Револьверлік тетікті пайдаланудың арқасында бұл қаражат есебінен жалпы сомасы 176 млрд теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілді. Ал Өнеркәсіпті дамыту қоры 2022 жылдың мамыр айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлген. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам несие мақұлданды, оның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді. Осылайша, автонесиенің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Бұл ретте бағдарламаларға Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық Банк қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале