5.02.2024, 21:06
Оқылды: 63

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

108634Фото: ardak.kz

Қазақстанда “Қауіпсіз жол” республикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ЖҚЕ кез келген бұзушылықтарына “мүлдем төзбеушілік” қағидатын нығайту.

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді.

Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда. Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады. – Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз, – деп атап өтті ІІМ.

Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале