4.02.2025, 15:00
Оқылды: 181

Қазақстанда жолдардың сапасы жақсарды – Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы

Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау жұмыстары туралы баяндады.🔵

6a1b8bce-ff7c-4bbd-a05a-a471c36b2d37

Сурет: telegram.org

Ол 2024 жылдың қорытындысында кәсіпорын сапа сараптамасымен қамтуды республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша 100%-ды, жергілікті желі бойынша 99%-ды құрағанын хабарлады. 47 мыңға жуық жол-құрылыс материалының сынамалары зертханалық сынақтан өткізіліді. Автомобиль жолдарының 22 мың шақырымына аспаптық тексерулер және диагностика жүргізілді.
«Жалпы, 2023-2024 жылдардағы нәтижелерді салыстыра келсек, жолдардың сапасы бойынша оң динамикасы байқалады. 2023 жылы жергілікті желіні қамту 89%-ды құраса, 2024 жылы 99%-ға дейін жетті. Сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдары мен ақаулар саны 16%-ға азайды. Сапасыз жұмыстарды қайта құру 5%-ға дейін төмендеді. Диагностика қорытындысы бойынша, орташа жөндеу жұмыстары есебінен жол жабынының тегістігі 5%-ға жақсарды.
Аталған көрсеткіштер уақтылы қабылданған шешімдердің арқасында, нәтижесін берді», — деп атап өтті Болатбек Айтбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале