13.09.2022, 15:15
Оқылды: 46

Қазақстанда жыл басынан 23 есірткі зертханасы анықталды

Қазақстанда жыл басынан 23 есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 23 есірткі зертханасын анықтаған. Жалпы биыл заңсыз айналымнан 110 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Ішкі істер минисрлігінің мәліметіне сай, бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп.

Ш.Тұрлыбек есірткі зертханасын ұйымдастырып, кейін елден қашпақ болған күдікті туралы айтып берді.

«Маусым айының соңында полиция қызметкерлері Алматы облысының Азат ауылында есірткі зертханасын жойды. Күдікті синтетикалық есірткі жасау үшін үйді жалға алған. Ол құқық қорғау органдарынан сақтану үшін ұялы телефон арқылы бақылау мүмкіндігі бар жасырын бейнекамералар орнатқан. Қылмыс болған жерге соңғы рет оралғанда, полициядан күдіктеніп, есірткі, химиялық заттар мен жабдықтарды тастап қашып кеткен. Барлығы 75 грамнан астам синтетикалық есірткі, сондай-ақ психобелсенді заттарды синтездеу үшін пайдаланылатын 4,5 келіден астам прекурсор тәркіленді. Жиналған дәлелдер, үй иесі мен көршілердің айғақтары күдіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Араласатын ортасы, оған қатысты басқа да мәліметтер тексеріліп, жиі болатын жерлері белгілі болды.

Күдікті тағы да бір есірткі өндірісін ұйымдастыруы мүмкін болғандықтан, полиция қызметкерлері оны біраз уақыт бақылауда ұстады. Оның елден қашу жоспары белгілі болған соң, тәртіп сақшылары күдіктіні Еңбекшіқазақ ауданының Аймен ауылында ұстады. Тінту барысында одан 10 грамм мефедрон алынды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале