20.06.2025, 17:30
Оқылды: 119

Қазақстандағы астық қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы астық қоры 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыруға жеткілікті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

_gluster_2025_6_20_0ecd8b351b710fe796cf5c9f15af3ac8_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі астық көлемі — 8,6 млн тонна, оның ішінде азық-түлік астығы — 7,3 млн тонна.

Бидай көлемі — 7,4 млн тонна, соның ішінде:

2,7 млн тонна — өсімдік шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалардың иелігінде,
2,6 млн тонна — элеваторларда,
818 мың тонна — ұн тарту және жарма кәсіпорындарында, 167 мың тонна — көтерме саудагерлер мен басқа да иелердің қарамағында.

Бұл көрсеткіштер астық нарығының тұрақты екенін, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, белгіленген көлемде экспортты жалғастыру мүмкіндігін де көрсетеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы елде рекордтық астық жиналды — өңдеуден кейінгі салмақта 25,2 млн тонна, оның ішінде 18,6 млн тоннасы — бидай. Бүкіл маркетингтік жыл бойы ұн тарту және мал шаруашылығы салалары үшін қолайлы баға сақталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясының қоймаларында 1,2 млн тонна астық бар, оның ішінде 1,0 млн тоннасы — азық-түлікке арналған. Қажет болған жағдайда ұн тарту кәсіпорындары Азық-түлік корпорациясына жүгіне алады.

Осылайша, Қазақстанның астық нарығы тұрақты күйде, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетін қолдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале