10.06.2022, 9:15
Оқылды: 50

Қазақстандағы банктер төрт айда 375 млрд теңге таза пайда тапқан

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

530C24A9-6EF3-44AD-A337-AF6DCD9A9B03

«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 18,1%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

Сонымен қатар қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен.

Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 мамырда 3,5%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 2,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,7%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 22,4%) құрады», - делінген агенттік хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале