20.02.2023, 17:45
Оқылды: 47

Қазақстандағы сайлау барысын 82 байқаушы бақылайды

Халықаралық байқаулар институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК

«Бүгінде бір шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 15 байқаушы аккредитациядан өтуге ұсынылды. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасынан 1 кандидат, ТМД бақылаушылар миссиясынан 14 үміткер», деді Мұхтар Ерман.

Бұған дейін елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қанша қаржы бөлінетінін хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале