2.04.2025, 12:15
Оқылды: 79

Қазақстандағы халық саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны қанша екенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жп орал, адамдар, аялдама (2)

Бюро мәліметінше, 1 наурызда елде 20 316 155 адам өмір сүрген.

Халқы ең көп өңірлер - бұрынғыдай Алматы мен Түркістан облысы. Алматыда 2 300 876 адам, Түркістан облысында 2 154 130 адам тұрады.

Халық саны еліміздің бес өңірінде, яғни Алматы облысында (1 566 257 адам), Астанада (1 544 142 адам), Шымкентте (1 261 709 адам), сондай-ақ, Жамбыл (1 221 439 адам) және Қарағанды облыстарында (1 133 524 адам) 1 миллионнан асты.

Қала мен ауыл тұрғындарының үлесі мынадай: 12 813 769 адам қалада, 7 502 386 адам ауылда тұрады. Жыл басымен салыстырғанда ауыл тұрғындарының саны 8 мыңға жуық адамға азайған, ал қалалықтар керісінше 40 мыңнан аса адамға өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале