Сонымен жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер арасында да ең көп сұранысқа ие "жүргізуші" мамандығы болды. Жұмыс ұсынатын 10 үздік тізімнің 19%-ы және жұмыс іздеушілер арасында 21%-ы осы мамандықты іздеген.
Қазақстанда жүргізушінің орташа жалақысы 175 мың теңге болды.
Бұл ретте нарықтағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтар - орташа ұсынылатын жалақысы 1 млн теңге болатын "стоматолог" және 930 мың теңге ақысы бар "жүк көлігінің жүргізушісі" мамандықтары.
Жұмыс берушілердің 77%-ы тұрақты жұмысшыларды іздейді. Cәйкесінше өтініш берушілердің 70%-ы мұндай жұмысқа дайын. Жұмыс берушілердің 59%-ы үшін жұмыс тәжірибесінің болуы немесе болмауы маңызды емес, ал жұмыс іздеушілердің 35%-ының жұмыс өтілі үш жылдан аспайды.
Бір қызығы, кейбір жұмыс берушілер ғана (1%-дан аз) қызметкерлерді қашықтан жұмысқа қабылдауға келіседі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3% болған еді. Ал жұмыс іздеушілердің 12%-ы қашықтан жұмыс іздейді. Бұл ретте олардың 15%-ы толық емес жұмыс күнін іздесе, 8%-ы жобалық немесе уақытша жұмысты қарастырса, 5%-ы тағылымдамадан өтуді қалайды.
Жұмыс іздеушілердің 68%-ы толық уақытты жұмысқа дайын, үміткерлердің 10% және 12% сәйкесінше икемді кесте бойынша немесе қашықтан жұмыс істеуді қалайды.
Ең көп сұранысқа ие 3 жұмыс бағытына 16% үлеспен "Бөлшек сауда/сату/сатып алу" және "Көлік/Логистика/қойма" және 15% үлеспен "Бар/мейрамхана/кафелер" кіргенін атап өткен жөн.