Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдос Сабыр күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас спортшы жұлқа көтеруде бірінші, серпе көтеруде екінші орын алып, жалпы есепте (145+176) күміс жүлдеге ие болды.