Қазақстандық биатлоншылар Ольга Полторанина мен Никита Акимов Австрияның Обертиллиах қаласында өтіп жатқан IBU Кубогінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Olympic.kz.

Сурет: Olympic.kz
Спортшылар жекелей аралас эстафетада өз шеберліктерін көрсетті. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл бағдарламада жетінші орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпазы Норвегия командасы атанса, Франция екінші орынға ие болды, ал Германия қола жүлдемен жарысты аяқтады.