14.08.2023, 11:45
Оқылды: 43

Қазақстандық білім мониторингі халықаралық аккредитациядан өтіп жатыр

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарлады.

msg-1309508988-6644

Талаптарға сәйкестігін ресми растау рәсімін Нидерландыдан келген RCEC (Examination and Certification for Research Center) халықаралық сертификаттауды зерттеу орталығы жүргізеді.

Комитеттің хабарлауынша, биыл маусымда RCEC және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы арасындағы кездесу өткен.

Айта кетейік, халықаралық аккредитация отандық білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін сенімді деректермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЭЫДҰ зерттеулеріне ұқсас бағалау құралдарын стандарттауға мүмкіндік береді.

Мониторинг білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі. Оқу саласындағы 4 және 9 сынып оқушыларының білімі мен дағдыларын бағалау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале