17.11.2023, 12:00
Оқылды: 50

Қазақстандық бітімгерлер Ливаннан оралды

ҚР Қарулы күштерінің тоғызыншы бітімгерлік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріндегі» (БҰҰЛУК) миссиясын аяқтады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

c57881b41362efc031dd926cae6f44b8_1280x720

Әскери қызметшілер алты ай ішінде «Шығыс» секторында Үнді бітімгерлік батальонының құрамында тапсырмаларды орындады. Жауапкершілік аймақтарында жаяу, мобильді және әуе патрульдерін жүргізіп, тосқауыл бекеттерінің жұмысын ұйымдастырған.

Бітімгерлік базасын күзетіп, бейбіт келісімдердің сақталуын қамтамасыз етті.

a0c2c06919af9ff45274ebb24c155fe0_1280x720

Бітімгерлерді ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары, штаб бастығы полковник Бақытжан Жетпісов бастаған әскери қызметшілер, сондай-ақ туыстары мен жақындары қарсы алды.

 – Өңірдегі қиын жағдайға қарамастан, бөлімшенің әскери қызметшілері жүктелген міндеттерді лайықты орындап шықты. Біз үйге жақсы көңіл-күймен оралдық. Алты ай ішінде кейбір әскери қызметшілеріміздің отбасында сәбилер дүниеге келді, – дейді бітімгерлік бөлімшесінің командирі капитан Фархат Ақбалиев.

4928da1d240685cb09b14a4bcec4588f_1280x720

Жақында Ливан Республикасынан келген бітімгерлердің орнына ҚР Қарулы күштерінің оныншы бітімгерлік контингенті аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰЛУК миссиясына қазақстандықтар 2018 жылдың қазан айынан бастап қатысып келеді.

Осы уақыт ішінде 500-ден астам әскери қызметші Ливанда қызмет етіп, қажетті тәжірибе жинай алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале