23.12.2024, 12:15
Оқылды: 198

Қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз (22-1, 16 КО) келер жылдың 17 қаңтар күні АҚШ-тың Калифорния штатында америкалық боксшы Малкольм Джонсқа (17-4-1, 10 КО) қарсы өткізеді. Бұл туралы Қазспорт жазды.

IMG_5899

Сурет: Қазспорт

Соңғы жекпе-жегінде Али Ахмедов 20 қыркүйек күні Ирландияның Дублин қаласында франциялық Пьер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале