5.04.2025, 19:21
Оқылды: 28

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы жекпе-жек кешінің үшінші жұбын әуесқой бокстағы жарық жұлдызымыз Төрехан Сабырхан мен Чехия боксшысы Йиржи Хауке құрады. Кәсіпқой рингте өткізген 10 кездесуінің 6-ында жеңілген Йиржи дебютантқа айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.

e202b5b6-77c6-4e5c-abdd-b1e6de801034

Соғатын жерде соғып, қажет болған кезде жанкүйерге шоу сыйлай алған Төрехан қарсыласын бұйым көрмеді. Толассыз шабуыл үшінші раундта нәтиже берді. Енді шабуылға ұмтылған қарсыласын алдымен бір сұлатып алса, раунд соңында бүйректен соғып тұрғызбай тастады.

7fc65354-ec1d-4f03-b419-29fb4e1a7ce9

- Жасым 19-да. Бізді қолдай келген әр жанкүйерге алғысымыз шексіз. Әлі әлемге қазақтың кім екенін көрсетеміз, - деді Төрехан жекпе-жек соңында.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале