4.05.2022, 19:17
Оқылды: 53

Қазақстандық дзюдошылар Бразилиядағы сурдлимпиадада тағы 3 медаль жеңіп алды

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда қазақстандық дзюдошылар тағы үш медаль жеңіп алды.

220504182816251e

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Әділбек Нұрмұхамед 60 келіге дейінгі салмақта финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Шаяхмет Қанапиянов 73 келіге дейінгі салмақта қола медаль иегері атанды.

Оған қоса Фериде КараОглы 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, қазақстандық сурдодзюдошылар медаль санын 4-ке жеткізді.

Мұнда сурдодзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Хайролла Лукмановтың сіңірген еңбегі мол.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық спортшының Бразилиядағы сурдлимпиадалық ойындарда қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысының өкілі Дина Ержанова сурдодзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінген еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале