29.03.2023, 8:34
Оқылды: 107

Қазақстандық Елена Рыбакина әйгілі Серена Уильямстың тарихи жетістігін қайталады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина италиялық Мартина Тревисанды жеңіп, кезекті тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

IMG-20230329-WA0028

Фото: prosports

Майамидегі турнирдің ширек финалында Рыбакина Тревизанды екі сетте (6:3, 6:0) ұтты. Матч барысында қазақстандық он эйс жасаған. OptaAce мәліметінше, Елена 2020 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында аты аңызға айналған америкалық Серена Уильямс осындай нәтиже көрсеткеннен кейін қатарынан төрт матчта он немесе одан да көп эйсті бағындырған алғашқы теннисші болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале