30.11.2020, 9:29
Оқылды: 119

Қазақстандық футболшы Еуропалық клубтың үздік ойыншысы атанды

«Лори» армян футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өз командасының үздік ойыншысы атанды. Мәселен, мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» - «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған.

фут

Рудосельский алаңда 81 минут болған. Осы уақыт ішінде қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен. Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды.

Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы:

  1. Тимур Рудосельский – 244;
  2. Джими Алексис – 240;
  3. Нана Антши – 233;
  4. Арам Кочарян – 229;
  5. Павел Осипов – 208.

Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале