12.01.2024, 9:30
Оқылды: 38

Қазақстандық гандболшылар 29 жылдан бері алғаш рет Азия чемпионатына аттанады

"Бахрейннің Манама қаласы гандболдан ерлер арасындағы кезекті Азия біріншілігін қабылдайды. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады", - деп жазады Ұлттық олимпиадалық комитеті.

1705018654

Фото: olympic.kz

Құрлық додасында 16 команда бақ сынайды. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жарыс қожайыны Бахрейнге қарсы өткізеді.

Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг бар.

Чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады.

Айта кетелік, Қазақстан командасы араға 29 жыл салып, құрлық бәсекесінде бақ сынайды. Соңғы рет гандболдан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысып, 8-орын иеленген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале