10.07.2025, 10:00
Оқылды: 114

Қазақстандық колледждердің «ТОП-100 студент» байқауының қорытындысы бойынша электрондық журнал әзірленді

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы бойынша электрондық журнал жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_10_0795df44d00e35ef6db602fa38bf46fe_1280x720

Сурет: gov.kz

«Электрондық журналда байқаудың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастырушы, оператор, серіктестері мен қатысушылары ақпарат жинақталған. Әсіресе еліміздің 100 үздік колледж студенті туралы мәліметтерге ерекше назар аударылған. Журналда олардың аты-жөні, оқу орны, мамандығы, іріктеу принциптері, жетістіктері, қоғамдық белсенділігі, сондай-ақ жобаларды іске асыру нәтижелері — жұмысқа орналасуы, тренингтер мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы туралы ақпараттар қамтылған», — деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұхамбетов.

Электрондық журнал «Talap» КЕАҚ-ның www.talap.edu.kz ресми сайтында жарияланып, студенттерге, оқытушыларға, колледж өкілдері мен жұмыс берушілерге қолжетімді болады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі осы жылдың наурыз айында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «ТОП–100 студент» республикалық байқауының басталғанын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды әрі болашағы зор студенттерді анықтау және қолдау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале