8.08.2024, 10:45
Оқылды: 70

Қазақстандық креативті жобалар тәжірибесін шетелде қолданатын болады

Хабаровскіде өткен «Қиыр Шығыста жасалған» креативті индустрия форумында қазақстандық жобалар сәтті таныстырылды. Кездесу сегіз елдің бизнес саласы мен билік өкілдерінің нетворкинг алаңына айналды. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

C8413D9B-B373-46DD-8C16-AC1807CD9079

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қатысушылар креативті нарықтың өзекті мәселелерін, жергілікті брендтерді халықаралық ілгерілетуді, кино, анимация және музыканы дамыту туралы талқылады.

Қазақстандықтар өз жобаларын ұсынды. Солардың бірі – Ақмола облысындағы креативті индустриялар мен экотуризмнің ынтымақтастығына айналатын болашақ креативті хаб.

7DBBADB9-83AB-4811-9708-6730D171C6E1

Форумға қатысушыларды оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту бойынша факультатив қызықтырды. Қазақстанда креативті секторды қолдау үшін сарапшылар мен заң шығару шаралары атап өтілді.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар келісімдер жасалды. Тәжірибе алмасу мақсатында білім беру және fashion саласында ынтымақтастық жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале