13.02.2023, 13:00
Оқылды: 31

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмысын жалғастырып жатыр

Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 53  адамның, оның ішінде 4 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

InShot_20230213_114709997

Фото:  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жұмыс жасауда.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 8 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар.

Ғимараттың 2-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Қайтыс болған 19 адамның денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған 18 адамның денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылары Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау үшін жұмыс жүргізді.

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығаруға уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды.

Адамдар дереу медицина қызметкерлеріне жеткізілді. Қайтыс болған 4 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале