26.11.2024, 22:00
Оқылды: 23

Қазақстандық IT мамандардың жалақысы 54%-ға өсті

Бүгінде елімізде 18 мыңнан астам IT компания бар. Кейінгі үш жылда олардың саны 16 пайызға артқан. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.

ақша

«IT саланы дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл – инфрақұрылымды, адами капиталды дамыту, инновациялық ортаны дамытуға арналған қолайлы жағдайлар жасау және венчурлық капиталды ұлғайту. Биыл отандық IT саласы қарқынды өсуін жалғастырып жатыр. Елімізде IT компаниялардың саны 18 мыңнан асты, олардың саны кейінгі үш жылда 16%-ға өсті. Осы уақыт аралығында IT мамандардың жалақысы 54%-ға өсті, орташа айлық 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын көрсетеді», - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Министрдің мәліметінше, бүгінде 187 мың (12%) IT саласында еңбек етіп жүр.

«2018 жылы «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі іске қосылды. Бүгін Astana Hub айтарлықтай өсім көрсетуде. Ол Қазақстандағы IT стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін растауда. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1 102 жергілікті және 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, осылайша кейінгі бес жылда 31 есе өсті. Биыл үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті», - дейді ведомство басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале