5.06.2024, 15:00
Оқылды: 15

Қазақстандық мергендер Азия кубогына қатысады

Садақ атудан 3-8 маусым аралығында Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) Азия кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

98032FAB-6BC4-4287-849E-50B951140225

Айтулы жарыста Париж Олимпиадасының лицензия иегерлері Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко бақ сынайды.

Жалпы турнирге Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады.

Олар: Денис Ганкин, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет Адемир, Адель Жексенбинова, Жанель Шадиярова, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале