Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сүйікті шығармасы ретінде қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабын атады.
Фото: t.me/oqu_agartu
Кітаптың құндылығы мен оқудың маңыздылығына мән берген оқушылардың «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджіне бастамашылық етті және оған барлық оқушыларды қатысуға шақырды.
Сіздер де демалыстакітапоқимыз хэштегімен әлеуметтік желілерде әдебиет және кітап оқу бойынша бейнероликтер түсіруге қатыса аласыздар.