30.06.2023, 11:45
Оқылды: 35

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегінің 20 ел және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

69bbfbf9f67460051c8eeefcd01dfb7b_1280x720

Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар:
Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9 сынып оқушысы – алтын медаль;
Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль.

«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», - дейді топ жетекшісі Владимир Жук.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале