4.12.2023, 9:30
Оқылды: 39

Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер арасындағы «IJSO» халықаралық жаратылыстану ғылыми олимпиадасына қатысып жатыр

Бангкок қаласында Жасөспірімдер арасындағы «IJSO» халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы басталды.

Бұл турлы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20231204-WA0019

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: тест, теориялық және эксперименттік, онда қатысушылар физика, химия және биология бойынша білімдерін көрсетуі керек.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан алты оқушы қатысады.

Құрама команданың жетекшілері PhD доктор, Сүлейман Демирел университетінің доценті Самат Максутов, PhD доктор, Сүлейман Демирел университетінің доценті, Назарбаев Университеттің магистранты Асқар.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

2022 жылы Қазақстан құрама командасы бір күміс және бес қола жүлделеріне ие болды.
IJSO - ға қатысқан барлық жылдары Қазақстан құрама командасы 53 жүлдеге ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 9 күміс және 42 қола.

Олимпиаданың қорытындысы 9 желтоқсанда жабылу салтанатында жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале