"Пара оқ атудан әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич күміс жүлде жеңіп алды", - деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
Пара оқ атудан әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисцеплинада 615.8 ұпай жинап, күміс медальді еншіледі.
Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын медальді еншілесе, қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен қол жеткізді.
Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Еркін Ғаббасов R10 дисцеплинасында чемпион атанып, ел тарихында пара оқ атудан алғашқы алтын медальді әкелген болатын. Айта кетейік, пара оқ атудан әлем Кубогы Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтуде.
Дүбірлі додада 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетуде. Жарыс 1 мамырға дейін жалғасады.