Қазақстандық шорт-трекшілер кезекті маусымды аяқтады. 2022-2023 жылғы жарыс маусымы шорт-трек үшін еліміздің тарихындағы ең нәтижелі жыл болды. Бұл жайлы бас бапкер Нұрберген Жұмағазиев жаттықтырушылар кеңесінің қорытынды отырысында хабарлады, деп жазады ҚР конькишілер одағы.
Бұл жайлы бас бапкер Нұрберген Жұмағазиев жаттықтырушылар кеңесінің қорытынды отырысында хабарлады.
Сонымен қатар жиын барысында Ұлттық федерацияның келер маусымға қойған жоспарлары, Ұлттық және жасөспірімдер құрама командаларының бас бапкерлерінің маусымдағы есебі, IV жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына жауапты бапкерді тағайындау мәселесі талқыланған.
Мұнымен қоса Қазақстан Республикасы штаттық құрама командасының тізімін бекітілді.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусымда шорт-трекшілер әлем Кубогі жарыстарынан 7 жүлде, қысқы Универсиада ойындарынан 2 жүлдеге қол жеткізді.