5.07.2023, 10:45
Оқылды: 12

Қазақстандық спортшы Азия Кубогында III орын алды

Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

d0704ac90cd70895a77be8fa31ad4e5f

Ерлер арасында «элит» санатында отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағындырды. Аян күміс жүлде алған жапониялық Рен Сатодан 7, чемпион атанған жапониялық Аоба Ясумацудан 20 секунд қалып кетті. Жалпы жарыс жолына 60-тан астам атлет шыққанын айта кетейік.

Құрлық Кубогының жалпы жүлде қоры 12 мың АҚШ доллары.

Оның ішінде чемпиондар 1500, күміс жүлдегерлер 1200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден астам кәсіби спортшы жиналған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале