12.12.2024, 11:00
Оқылды: 192

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты

Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_4824

Сурет: Olympic.kz

11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.

Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале