20.02.2024, 11:30
Оқылды: 48

Қазақстандық спортшылар Тегеранда 12 медаль жеңіп алды

Бүгін Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі жазды.

1ee128a6d761254d60cb140d4f9d4561_1280x720

Биылғы бәсекеде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдеге қол жеткізді.

Шешуші жарыс күні эстафетада (4*400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанды.

f0f2678adbe0881860170c1be6970dbe_1280x720

Күміс жүлдегерлер: Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (60 м жүгіру);

Қола жүлдегерлер: Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим Тарасов (400 метр жүгіру), Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру);

1a65ad2e2c501dac19630b303eca1a56_1280x720

Тегеранда барлығы 29 қазақстандық атлет ел намысын қорғады.

Былтыр жабық кешендегі Азия чемпионаты Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен. Ол кезде Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алған.

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале