Таеквондодан Қазақстан командасы Asian Open Championship G2 Исламабад (Пәкістан) турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондистер 13 медаль жеңіп алды: бес алтын, бір күміс және жеті қола.
Наргиз Қойшыбекова (-46 келі), Мария Севостьянова (-57 келі), Жавохирхан Исламов (-58 келі), Нурай Хусаинова (-67 келі) және Жансель Дениз (+73 келі) чемпион атанды.
Айдана Еділбаева (-46 келі) екінші нәтиже көрсетті.
Қола медальдарды Арайлым Асқарова (-57 келі), Самирхон Абабакиров (-58 келі), Жадыра Хайруллина (-67 келі), Бексұлтан Мұсахан (-68 келі), Эльдар Бірімбай (-68 келі), Диана Абсенова (-73 келі) және Нұрбол Ерсайынов (-87 келі) жеңіп алды.