17.07.2023, 11:15
Оқылды: 25

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен әлемдік рейтингте қазақстандықтардың орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16be5f27-8859-4a6c-ae6c-ee330973971f

Фото: ktf.kz

Дүниежүзілік рейтингте көш басында бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович, ресейлік Даниил Медведев келеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткенімен, 26-дан 27-ге сырғыды.

Есесіне Тимофей Скатов 138-ден 134-ке, Михаил Кукушкин 262-ден 223-ке, Бейбіт Жұқаев 243-тен 242-ге көтерілді.

Жұптық сында Уимблдон чемпионы атанған британиялық Нил Скупски мен нидерландылық Уэсли Колхоф бастапқы екі сатыдан көрінсе, америкалық Остин Крайчек үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтардан Александр Недовесов 48-ден 53-ке төмендесе, Андрей Голубев 88-ден 82-ге жоғарылады.

Қазақстандық теннисшілер осы аптада өтетін жарыстарда сәтті өнер көрсетсе, рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Рим турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Карлос Алькарас Уимблдонда Новак Джоковичті жеңіп, чемпион атанды.

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале