Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді.
Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі.