20.05.2024, 14:30
Оқылды: 19

Қазақстандық төрт теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сынына қатысады

Франция ашық  чемпионаты «Ролан Гаррос» додасының іріктеу турнирінде 4 қазақстандық теннисші сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1716187512

Фото: olympic.kz

Дүйсенбі күні басталатын іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады.

Рейтингте 177-орында тұрған  Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі.

Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингте өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады.

Іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады.

Жылдың басты жарыстарының бірі саналатын  «Ролан Гаррос» турнирі 26 мамыр – 9 маусым аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале