Қазақстандық қазы Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісіне ие болды.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ktf.kz
Ақтөбелік Саменкова еліміздің батыс аймағынан алғашқы болып осындай халықаралық санатқа қол жеткізді.
Қола белгісі бар төрешілер WTA челленджерлері мен жарыстарында, АТР додаларының бастапқы сатысында, «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайыстарында, сондай-ақ жұптық матчтар мен микстерде қазылық етеді.
Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санаты бар халықаралық дәрежедегі төрешілер қатарына Қазақстаннан Юлия Игнатченко, Меруерт Каукеева, міне, енді Владлена Саменкова қосылды.