"Биыл 19-20 сәуір аралығында Бірыңғай грант операторының қолдауымен Семей қаласында «Даналық» қоғамдық қоры «Мәдени мұра – халық қазынасы» атты ауқымды республикалық форум ұйымдастырады", - деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Форумда волонтерлер елдегі мәдени ескерткіштердің қазіргі жағдайын талқылайды, оларды қалпына келтіру тәжірибесімен бөлісіп, республикадағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жолдарын қарастырады.
«Мәдени мұра-халық қазынасы» республикалық форумының негізгі міндеті – тарихи-мәдени мұра нысардарын сақтау. «Birgemiz: Asyl мura» тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жалпыұлттық жоба аясында тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жұмыстарына 2000-нан астам волонтер жұмылдырылады.
Форумның мақсаты – деректі сериалдар мен энциклопедиялар шығару арқылы халық арасында тарихи-мәдени мұра нысандарын насихаттау. Мұндай бастамалар мен іс-шаралар елдің мәдени мұрасын сақтауға және азаматтардың осындай үрдістерге белсенді атсалысуына ықпал етеді.