Қазақстан құрамасы Ираклионда (Грекия) өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанға алғашқы медальді 73 келіге дейін өнер көрсететін Алексей Чуркин сыйлады.
Ол жалпы салмағы 329 келіні еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Осы салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық ауыр атлет - Петр Хребтов өнер көрсетті. Ол 307 келі көтеріп, бесінші орын алды.