Қала халқы 11355,8 мың (59,4%) адам, ауыл халқы 7769,8 мың (40,6%) адам.
Қазақстан бойынша демографиялық көрсеткіштер:
АХАЖ мәліметтері бойынша, 2021 жылы туылғандар саны 450,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (425,6 мың адам) 5,9%-ға артық.
Бұл ретте қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (162,6 мың адам) 12,8%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 9,53 өлімді құрады.
Өткен жылы республикада бір жасқа дейінгі 3763 сәбидің өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3315 нәресте қайтыс болды) нәресте өлімі 13,5%-ға өсті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,35 жағдайды құрады.