14.10.2020, 10:49
Оқылды: 45

Қазақстандықтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтаруға міндетті емес

Қазақстандықтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттелмейді, деп хабарлайды stopfake.kz.

42500 tenge

ӘӘлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ТЖ режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген қауесет тарауда. Пайдаланушылар банктердің мобильдік қосымшаларындағы «Әлеуметтік көмекті қайтару» парақшаларының экраннан түсірілген суреттерін жіберуде.

Мемлекеттен алынған қаражатты қайтаруға болады. Бірақ, міндетті емес.

– Төтенше жағдай режимі кезінде кейбір азаматтар 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған. Өйткені олар табысын жоғалтқан жоқ. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында азаматтарға заңсыз алған қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретін функционал қарастырылған. Төлемдер төлене басталғалы шамамен 180 000 адам оны қайтарды. Бұл ерікті түрде жасалады және МӘСҚ бәрінен төленген ақшаны қайтаруды талап етеді деген сөз емес”, — деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.
Қателесіп алған әлеуметтік көмекті қайтару үшін Kaspi Bank мобильді қосымшасында тиісті функцияны іске қосылды. Бұл өте ыңғайлы. Ол сәуірден бастап жұмыс істеп келеді және Төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 теңге алғандардың бәріне қолжетімді болды. Қазір оның қызметі тоқтатылды.

– Карантин кезінде әлеуметтік төлем алған, бірақ табысын жоғалтпаған азаматтар үшін ақша қаражатын қайтару функциясы Kaspi.kz мобильдік қосымшасында іске қосылған. Бұл төлемдерді қайтару – әрбір ҚР азаматының ерікті және дербес шешімі, – делінген StopFake.kz Kaspi Bank порталына жолдаған сауалына берілген ресми жауапта.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале