18.05.2023, 17:30
Оқылды: 38

Қазақстандықтар былтыр мұражайға 6,1 млн рет барған

2022 жылы Қазақстан халқы мұражайға 6 097 мың мәрте барса, 2021 жылы 5 104 мың рет болған. Халықаралық музей күніне орай статбюро осы мәдени мекемеге барушылар жайлы статистикалық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

музей

Мұражайға барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1 492 мың келуші, одан кейін Астанада – 643 мың келуші және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың, барушылардың саны Шымкент қаласының музейлерінде ең аз – 43 мың.

Бұл ретте Шымкент қаласында мұражай саны да көп емес – бесеу.

Жалпы 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда барлығы 271 мұражай жұмыс істесе, бір жыл бұрын оның саны жетеуге кем болған.

Мұражай саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 27 мұражай.

Ақтөбе облысында 20 мұражай және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 мұражайдан.

271 мұражайдың 48-і – тарихи, 109-ы – өлкетану, 65-і – мемориалдық, тағы 14-і – қорық мұражай, 11-і – өнертану және басқа.

Айта кету керек, 4 мұражай жекеменшік, қалғаны – мемлекет меншігінде.

Мұражайларда барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале