17.03.2023, 14:45
Оқылды: 42

Қазақстандықтар енді меншік иелері бірлестігін онлайн тіркей алады

ҚР Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Digital Justice портфелі аясында жаңа жобаны іске қосты. Енді қазақстандықтар  Меншік Иелері Бірлестігін онлайн тіркеу мүмкіндігіне ие болды, деп жазады Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

5231b49cecb7ea84e1a0cd664441c922_1280x720

Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше кездесіп, әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсайтын. Енді ұялы телефондағы мобилді қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет «Управдом»  қосымшасында қолжетімді. Сондай-ақ азаматтарға қолайлы болу үшін жобаны e-KNOT, AULA және тағы басқа да IT мәселесін шешу үшін жұмыс жүргізіледі.

Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ электрондық тіркеу үшін жолданады.

Жоба ең алдымен МИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале