Теміржолда жүйткіген вагондардың 800-і ескі. Көбі 44 жылдан бері жүр. Ал күнделікті қатынайтын 700-вагонда желдеткіш жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Жалпы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының паркінде 2 мың 215 вагон бар екен, оның 1 мың 429-ы ескі. Бір тәуірі қазір жаңа стандарттар енгізілген. Вагон іші 3 сағат сайын тазартылады. Тексеру де күшейіп, жауапсыз тасымалдаушы компанияларға 32 млн теңге айыппұл салынған. Жаз уақытында қосымша 3 бағыт қосылады. Ең бастысы, биыл Алакөлге қатынайтын пойыздарда олқылықтар болмайды», - дейді теміржолшлар.
«Сұранысы жоғары Алакөл бағытына 11 пойыз қатынайды. 5-еуі Алматыдан, қалғандары Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысынан. Өткен жылдардағы сын-ескертпелерді қаперге ала отыра, биыл барлығын желдеткішпен қамтып, купе вагондарын көбейттік, Тальго пойыздарын іске қостық», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.