
Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:
4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Сондай-ақ, қазан айында кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер бар.
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды. Бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.
1 қазан – Радио күні
5 қазан – Мұғалімдер күні
6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні
19 қазан – Құтқарушы күні
19 қазан – Орман шаруашылығы қызметкері күні (қазанның үшінші жексенбісі)
24 қазан – Кітапханашы күні
26 қазан – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)
29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні