21.03.2022, 11:00
Оқылды: 21

Қазақстандықтар Наурызды тойлауды бастады

2001 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылдан бері мереке үш күн қатарынан - 21, 22 және 23 наурыз күндері тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
fa464aaf1037471888daf89aa6464be8

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Екіншіден, бұл уақытта аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі. Сондықтан наурыз Қазақстанда және басқа да елдерде жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам.

Халық барлық бастама, ұлы істерді ырымдап осы күні бастаған. Сол себепті де бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы. Осы мереке мен күндерді халық ерекше қастерлейді.

Алматылықтар Наурызды тойлауды бастап кетті. Дәл қазір мегаполистегі «Астана» алаңында мерекелік іс-шаралар ақырындап басталып жатыр. Халық жиналып, ұлттық бұйымдардан бастап, әртүрлі нәрселер сатылып жатыр. Ұлттық аспапта ойнайтын музыканттарды да кездестіруге болады.

Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Негізгі іс-шаралар бүгін, 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале