27.10.2024, 17:30
Оқылды: 51

Қазақстандықтар несиені көптеп ала бастаған

Қазақстандықтан тұтынушы несиелеріне жиі жүгінетін болған, банк алдындағы берешегі көп аймақтар көшін Алматы бастап тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ақша

Ұлттық банк мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұтынушылық несиелерінің көлемі 12,8 трлн теңгеге жеткен. Көрсеткіш жыл басынан бері 24,2%-ға немесе 2,5 трлн теңгеге артқан.

Берешекке батқан аймақтар тізімін Алматы бастайды. Оңтүстік астаналықтар 3,9 трлн теңгеге қарызға кірген. Екінші орында 1,3 трлн теңге қарызбен Астана тұр, үшінші орынды 1,01 трлн теңге берешекпен Шымкент түйіндейді.

Тұтынушылық несиелер негізінде банк алдында қырызы көбейген өңірлерге Қарағанды (740,6 млрд теңге) мен Ақтөбе облыстары (543,6 млрд теңге) енген.

Несиенің төменгі мөлшері Ұлытау, Алматы облыстарында тіркелген. Ол жақтың тұрғындары тиісінше, 122,1 млрд, 156,8 млрд теңгеге несие рәсімдеген.

Несиелердің дені әдеттегідей ұлттық валютада алынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале