22.12.2023, 13:00
Оқылды: 45

Қазақстандықтар шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді жыл соңына дейін тіркей алады

Үкіметтің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР аумағына әкелінетін көліктің жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерін қолдану және жеке тұлғаларды кеңейтілген міндеттемелерінен босату қағидасына өзгеріс енгізілді.
қала1

Атап айтқанда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелген жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінен босатып, бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесін қолдануға қатысты пункт өзгертілді.

Өтініштер 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданған. Алайда сол мерзімге дейін берілген өтініштер 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаралады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале